Қала әкімдігі 8 млн теңгеге жуық қаражатқа кілем сатып алмақ болған
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті қала әкімдігінің 7,8 млн теңгеге кілем сатып алмақ болғанын анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, осы жылдың 9 айында жоспарланған сатып алу бағасын асыра бағалаудың 79 фактісін анықталып, нәтижесінде 1,8 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді
Мәселен, Петропавл қаласы әкімінің аппараты кілемді бір шаршы метрін 35 мың теңгеге бағалап, сатып алуды жоспарлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаментінің араласуымен 7,8 млн теңге болатын бюджет қаражаты үнемделген.
Аумақтық департамент басшысы Асхат Джакипбеков жыл басынан бері 8 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілгенін, бес мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектор ұйымының қызметіне сыртқы талдау жүргізілгенін, бизнес-процестерді жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту және заңнаманы жетілдіру бойынша 200-ден астам ұсынымдар әзірленгенін хабарлады.