Суды заңсыз пайдаланған азаматтарға 12,9 млн теңгеге айыппұл салынды
Жыл басынан бері су заңнамасын бұзған азаматтардан шамамен 12 млн теңге өндірілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, бассейндік инспекция 6 айда су заңнамасын сақтау бойынша 55 тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 103 құқықбұзушылық анықталып, кемшіліктерді жою бойынша 42 нұсқама берілген.
Сондай-ақ 12,9 млн теңгеге 143 әкімшілік айыппұл салынып, 11,9 млн теңге көлемінде 127 әкімшілік айыппұл өндірілді. Бұған қоса 16 әкімшілік іс сотқа жіберілді.
Қаз
Рус






