Суды заңсыз пайдаланған азаматтарға 12,9 млн теңгеге айыппұл салынды

1 561

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: СҚО прокуратурасының баспасөз қызметіЖыл басынан бері су заңнамасын бұзған азаматтардан шамамен 12 млн теңге өндірілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, бассейндік инспекция 6 айда су заңнамасын сақтау бойынша 55 тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 103 құқықбұзушылық анықталып, кемшіліктерді жою бойынша 42 нұсқама берілген.


Сондай-ақ 12,9 млн теңгеге 143 әкімшілік айыппұл салынып, 11,9 млн теңге көлемінде 127 әкімшілік айыппұл өндірілді. Бұған қоса 16 әкімшілік іс сотқа жіберілді.


"Министрлік құқықбұзушылықтарға қарсы күресті күшейту үшін Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөнінде комитет құрылды. Комитет Жамбыл облысында тексеріс жүргізіп, оның нәтижесі бойынша материалдар Бас прокуратураға жіберілді. Су саласындағы ашықтық – министрлік жұмысының басым бағыттарының бірі. Сондай-ақ комитет суды заңсыз пайдаланумен, оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен және еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі", – деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.