Қала әкімдігі 8 млн теңгеге жуық қаражатқа кілем сатып алмақ болған

1 237

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті қала әкімдігінің 7,8 млн теңгеге кілем сатып алмақ болғанын анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ведомствоның мәліметінше, осы жылдың 9 айында жоспарланған сатып алу бағасын асыра бағалаудың 79 фактісін анықталып, нәтижесінде 1,8 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді


Мәселен, Петропавл қаласы әкімінің аппараты кілемді бір шаршы метрін 35 мың теңгеге бағалап, сатып алуды жоспарлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаментінің араласуымен 7,8 млн теңге болатын бюджет қаражаты үнемделген.


Аумақтық департамент басшысы Асхат Джакипбеков жыл басынан бері 8 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілгенін, бес мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектор ұйымының қызметіне сыртқы талдау жүргізілгенін, бизнес-процестерді жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту және заңнаманы жетілдіру бойынша 200-ден астам ұсынымдар әзірленгенін хабарлады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.