Сырдария ауданында жобалар құрылысы жүзеге асырылуда
Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұржан Бисембаевтың айтуынша ауданда жалпы құны 3,2 млрд.теңгені құрайтын 10 жобаның құрылысына 1,7 млрд.теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде облыстық бюджеттен – 1 млрд.424 млн.теңге, республикалық бюджеттен – 223,2 млн.теңге, Ұлттық қордан – 127,7 млн.теңге, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Жобадағы 7 нысан 2023 жылдан өтпелі болса, 3 нысан жаңа құрылыс. Атап айтқанда:
Бұқаралық спортты дамыту бойынша:
Жоба құны – 382,9 млн. теңгені құрайтын Бесарық елді мекеніндегі спорт кешені құрылысы бойынша келісімшарт құны – 362,5 млн.теңге.
Облыстық бюджет трансферті есебінен 2022-2023 жылдары атқарылған жұмыс актілеріне сәйкес 285,0 млн. теңге игерілген болатын.
2024 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтауға 77,3 млн.теңге бөлініп, 20 млн.теңгесі игерілді. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі – 95 пайыз. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың маусым айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Мердігер мекеме «SCS Инжиниринг» ЖШС-ін Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 31.01.2024 жылғы №4399-24-00-2а/65 қаулысы негізінде міндет жүктеу және мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп танылғанын айту керек.
Инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым бойынша:
1) Жоба құны – 263,5 млн. теңгені құрайтын Тереңөзек кентіндегі жаңа шағын ауданның инфрақұрылымы (35 га) қиыршық тас жолының құрылысы бойынша келісімшарт құны – 244,5 млн.теңге.
2023 жылы облыстық бюджеттен – 147,9 млн. теңге қаржы бөлініп, атқарылған жұмыс актілеріне сәйкес игерілді. Жобаға сәйкес жалпы ұзындығы 4,2 км болатын 6 көшеге қиыршық тас төселді.
2024 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджеттен – 115,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда, мердігер мекеме «Ақ тоған» ЖШС-мен жаяу жүргіншілер жолына бордюр қою, құм-қиыршық тас қоспасымен толтыру, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың мамыр айында толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Орындалған жұмыстардың көлемі – 70 пайыз. Мердігер мекеме «Ақ тоған» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «УКС» ЖШС, авторлық қадағалаушы – «Димаш-Сервис» ЖШС.
2) Жоба құны – 889,6 млн.теңгені құрайтын Тереңөзек кентіндегі жаңа шағын ауданның инфрақұрылымы (100 га) қиыршық тас жолының құрылысы бойынша келісімшарт құны – 832,8 млн.теңге.
2023 жылға облыстық бюджеттен – 200,0 млн.теңге қаржы бөлініп, атқарылған жұмыс актілеріне сәйкес игерілді. Жобаға сәйкес жалпы ұзындығы 15,2 км болатын 22 көшеге қиыршық тас төселді.
2024 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджеттен – 689,6 млн.теңге қаржы бөлінген болатын. Сырдария ауданы әкімдігінің 09.04.2024 жылғы №96 қаулысына сәйкес жаяу жүргіншілер жолының қаржысы – 380,4 млн.теңге бюджетке кері қайтарылды.
Бүгінгі таңда, мердігер мекеме «Ақ тоған» ЖШС-мен көшелердегі жол белгілері қойылуда. Ағымдағы жылдың мамыр айында толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Орындалған жұмыстардың көлемі – 90 пайыз. Мердігер мекеме: «Ак тоган» ЖШС, Техникалық кадағалаушы- «АстанаДорАркитекс» ЖШС.
3) «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жоба құны – 126,3 млн.теңгені құрайтын Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі жаңа шағын ауданның инфрақұрылымы (35 га) газ тарату желілерінің құрылысы бойынша келісімшарт құны – 110,8 млн.теңге.
2023 жылға облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға 11,6 млн.теңге бөлініп, мердігер мекеме "Астана Құрылыс Групп" ЖШС-мен атқарылған жұмыс актілеріне сәйкес игерілді.
2024 жылға құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 30,0 млн.теңге қаржы бөлініп, игерілді. Қалған республикалық бюджеттен – 69,2 млн.теңге қаржысы күтілуде. Мердігер мекеме: «Астана Құрылыс Групп» ЖШС, Техникалық кадағалаушы- «Строй Сити LTD» ЖШС, Авторлық қадағалаушы- «Әсем Жоба құрылыс» ЖШС.
Электрмен жабдықтау бойынша:
2024 жыл жоба құны – 485,9 млн.теңгені құрайтын «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қалжан ахун елді мекенін электрмен жабдықтау» жобасы бойынша келісімшарт құны – 474,5 млн.теңге.
2024 жылға «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен – 57,3 млн.теңге бөлінді. Қалған – 417,2 млн.теңгесі күтілуде. Құрылыс жұмыстарын бастауға 15.04.2024 жылы облыстық бақылау жөніндегі басқармасынан хабарлама алынып, мердігер мекеме «КРЭК» АҚ-мен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме: «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, Техникалық кадағалаушы – «Ақтаустройэксперт» ЖШС, авторлық қадағалаушы – «Start Project» ЖШС.
Таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша:
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасы шеңберінде жобалар құны 307,8 млн.теңгені құрайтын 2 жобаға, яғни «Тереңөзек кенті 10 көшелері бойындағы ауыз су құбырлары және көру құдықтарының құрылысы» бойынша келісім шарттар құны – 283,7 млн.теңге.
2023 жылы 177,6 млн.теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «Жаңарту» ЖШС-мен тиісті құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Мердігер мекеме «Жаңарту» ЖШС-мен барлығы 4,8 км ауыз су құбыры, 61 дана су көру құдықтары орнатылды.
2024 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтауға республикалық және облыстық бюджеттен 108,4 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда, жаңа су құбырларын ескі су құбырына жалғау, фасондық бөліктерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың мамыр айында құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Мердігер мекеме: «Жаңарту» ЖШС, Техникалық кадағалаушы- «Әсем-Құрылыс-Қызылорда» ЖШС, авторлық қадағалаушы- «ПСК Qabylet» ЖШС.
Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жоба құны 178,9 млн. теңгені құрайтын Шаған ауылындағы Ғ.Мұратбаев, А.Иманов және А.Иманов жолақ көшелері бойындағы су құбыры мен көру құдықтары құрылысы бойынша келісімшарт құны – 165,5 млн.теңге.
2023 жылы құрылыс жұмыстарын бастауға 124,6 млн.теңге қаржы бөлін мердігер мекеме «Алтын Айдарлы» ЖШС-мен 3073 метрге су құбыры жүргізілді. 40 су құбырын көру құдықтары орнатылды. Бөлінген қаржы игерілді.
2024 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтауға республикалық бюджеттен –50,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Ағымдағы жылдың мамыр айында құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, ел игілігіне пайдалануға берілетін болады. Мердігер мекеме: «Алтын Айдарлы» ЖШС, Техникалық кадағалаушы- «Стройтехнопроект KZ А и К» ЖШС, авторлық қадағалаушы- «ПСК Qabylet» ЖШС.
Сондай-ақ, жоба құны – 80,5 млн.теңгені құрайтын Аманкелді елді мекені Ж.Құлымбетов, А.Ақайдаров, А.Жанкин көшелері бойындағы ауыз су құбырлары мен көру құдықтары құрылысы бойынша келісімшарт құны – 73,2 млн.теңге.
2024 жылға құрылыс жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен 59,5 млн.теңге қаржы бөлінді. Қалған қаржысы 17,7 млн.теңгесі күтілуде. Ауыз су құбырының ұзындығы 1971 метр. Бүгінгі таңда, мердігер мекеме «СК Орда-Құрылыс» ЖШС-мен құрылыс материалдары әкелінуде. Мердігер мекеме: «СК Орда-Құрылыс» ЖШС, Техникалық кадағалаушы- «СтройСити LTD» ЖШС, авторлық қадағалаушы- «ПСК Qabylet» ЖШС.
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу бойынша:
Жобаның жалпы құны – 495,2 млн.теңгені құрайтын «Сырдария ауданының Тереңөзек кентінде ҚТҚ полигонын салу. Түзету» құрылысы бойынша келісімшарт құны – 464,9 млн.теңге.
2024 жылға облыстық бюджет қаражаты есебінен – 475,5 млн. теңге бөлінді.
Бүгінгі таңда, мердігер мекеме «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС-мен жер түзету жұмыстары жүргізілді. Алдын-ала төлем беруге облыстық табиғи ресурстар басқармасына хат жолданды. Мамыр айында төлем жүргізуге жұмыстар жасалынатын болады. Мердігер мекеме: «ТЕХОСНАСТКА-РЕМСЕРВИС» ЖШС, Техникалық кадағалаушы- «Qazaqstan Expert» ЖШС, авторлық қадағалаушы- «НұрЖолПроект» ЖШС.
«Тереңөзек кентінде «Руханият» орталығының құрылысы» бойынша:
Сонымен қатар, тапсырыс беруші облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы жоба құны – 1 млрд. 411 млн.теңгені құрайтын Тереңөзек кенті Н.Бердіқұлов көшесі бойынан «Руханият» орталығының құрылысы» жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстарын бастауға ағымдағы жылдың 29 наурызында хабарлама алынып, бүгінгі таңда іргетасын қалау, бетон бағаналарын құю жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Мердігер мекеме: «ТЕХОСНАСТКА-РЕМСЕРВИС» ЖШС, Техникалық кадағалаушы- «Актаустройэксперт» ЖШС, авторлық қадағалаушы – «РЕМПРОЕКТ» ЖШС.
Аманкелді елді мекені дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеу жұмыстары бойынша:
Сондай-ақ, тапсырыс беруші Сырдария аудандық ауруханасы арқылы жоба құны 91,2 млн.теңгені құрайтын Аманкелді елді мекені дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың желтоқсан айында басталды. Игерілген қаржы көлемі 22,8 млн.теңге.
Мердігер мекеме «Пульс» ЖШС арқылы құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың маусым айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Мердігер мекеме: «Пульс» ЖШС, Техникалық кадағалаушы- «ҚҰРЫЛЫС ИНЖЕНИРИНГ» ЖШС, авторлық қадағалаушы- «МЕКЕН и К» ХТ ПТ.
Мемлекеттік сатып алулар бойынша:
1) "Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы, Сырдария ауданы, С.Сейфуллин елді мекенін электрмен жабдықтау бойынша ағымдағы жылдың 12 сәуірінде мемлекеттік сатып алу жұмыстары жарияланды.
2024 жылғы 22 сәуірден бастап құжат қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Әзірге өтінім ұсынған өнімберушілердің саны – 2.
2) Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов елді мекенін электрмен жабдықтау бойынша ағымдағы жылдың 12 сәуірінде мемлекеттік сатып алу жұмыстары жарияланды. 2024 жылғы 25 сәуірден бастап құжат қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Әзірге өтінім ұсынған өнім берушілердің саны – 3.
3) Сырдария ауданы, Н.Ілиясов ауылдық округіндегі жтү-лерге инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысы (электрмен жабдықтау, су жүйесі) бойынша ағымдағы жылдың 12 сәуірінде мемлекеттік сатып алу жұмыстары жарияланды.
2024 жылғы 25 сәуірден бастап құжат қабылдау жұмыстары жүргізілуде.