Азаматтар әскерге SMS-хабарлама арқылы шақырылады

1 542

Фото: Қорғаныс министрлігіАстана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Фархат Құрманғажинов мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарға SMS-хабарламалар жіберу жүйесі әскерге шақыру процесін тиімдірек ететінін мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Полковниктің айтуынша, бұрын шақыру қағаздарын табыстау үшін әскери комиссариат қызметкерлері азаматтардың тұрғылықты мекенжайына баруға мәжбүр болған. Бұл транспортқа, жанар-жағармайға және уақытқа қосымша шығын келтіретін.

«Статистика бойынша, он мекенжайға барған кезде тек екі-үш азаматты ғана табатынбыз. Қалғандары мекенжайда тұрмайтын немесе ұзақ мерзімге сапарға немесе вахталық жұмысқа кетіп қалатын. Нәтижесінде хабарландыру жұмыстарының 75–85 пайызы нәтижесіз болып жататын», – деді полковник.

Қазіргі таңда енгізілген жаңа жүйе арқылы SMS-хабарламалар азаматтарға бірден жетеді. Құрманғажинов бұл жүйе әскерге шақыруды жылдам әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік беретініне тоқталды. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.