Қызылордада түзеу мекемесінде имаммен кездесу ұйымдастырылды

1 541

Фото: Қызылорда. ҚАЖДБүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінде сотталғандардың діни білімдерін, рухани дамуын және сотталғандар арасында діни экстремизмдік профилактиканы көтеру мақсатында Қызылорда қаласындағы Хазірет Әбу Бәкір мешітінің  имамымен кездесу ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кездесу барысында имам Садықов Жеңіс Нұрыллаұлы "Уақыт пен өмірдің қадірі" тақырыбында  сотталғандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Сонымен қоса дәстүрлі емес діни ағымдардың жайы, жат ағымдардан сақтану жолдарын түсіндірді.

-Өмір деген ең қымбат нәрсе.Өмірдің өзі толық уақыттардан тұрады.Өмірді дұрыс пайдалану үшін уақытты мейлінше қажетті іске жұмсаған дұрыс. Көп жағдайда уақытты зая кетіріп жатамыз. Сондықтан уақыттарырыңызды пайдалы іске жұмсап, қадірін біліңіздер,-деді Жеңіс Нұрыллаұлы.

- Жазасын өтеушілермен жиі кездесулер өткізіледі.

"Сотталғандардың қалауы бойынша мекемеге де  имамдар шақырылады. Әрине, сотталғандар күн тәртібін бұзбай, арнайы орындарда намаз оқи алады, яғни ұйықтайтын бөлмелерінде", – деді мекеменің жасақ бастығы  Айғара Сұлтан.
"Бүгінгі имамммен кездесу барысында, толғандырып жүрген түрлі сұрақтарға жауап алдым, имаммен жеке сұхбаттасуға мүмкіндік алдық. Уақыттың, бостандықтың қадірін білмей жаза басып жаңылдым.Жасаған қателігімнен сабақ алып жатырмын. Бір заттың бағалы екендігін білсек,оны сақтау үшін барымызды саламыз.Сол сияқты бостандықтың қадірін түсініп жатырмын. Темір тордағы өмірімді босқа өткізбей, мекемеішілік шараларға қатысып, бос уақытымда мекеме кітапханасынан кітаптар алып оқып жүрмін",-дейді сотталған азамат.