Алматыда төрт әйелді зорлаған ер адам сотталды

283
Алматыда Баум тоғайында қыздарды торуылдап, пышақпен қорқытып зорлаған ер адам ұсталды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахманов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1991 жылы туған Айдарханов адам жүрмейтін учаскелерінде әйелдерді қарауылдап, пышақпен қорқытып жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасаған. Полиция оның осындай төрт іске қатысы бар екенін дәлелдеді.

Айдархановқа ҚР ҚК-ның 121-бабы 2-тармағы 4-тармағы "Бірнеше рет жасалған нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері" бойынша үкім шықты. Тергеумен Түрксіб аудандық полиция басқармасының тергеушілері айналысқан.