Ауыл әкімі суицид жасаған

1 641

tobolinfo.kz19 наурыз күні Қостанай облысындағы үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Tobolinfo.kz сайтының ақпартынша, ер адам Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев және шенеунік өз-өзіне қол салған.


Қостанай облысының полиция департаменті Ұзынкөл ауданындағы үйлердің бірінің ауласынан ер адамның мәйіті табылғанын растады. Алайда марқұмның кім екені туралы ақпарат берілмеген.


«Ұзынкөл ауданындағы бір үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылғанына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – делінген хабарламада.


Заңға сәйкес тергеу аясындағы басқа ақпарат жария етілмейді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.