Семейде қыздарға шабуылдаушы маньяк пайда болған

1 549

Семейде Новостройка, Ет комбинаты, Юность және "Жаңа жол" ауданында қыздарға шабуылдаушы маньяктың пайда болғаны туралы ақпарат тарай бастады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Абай облысының полиция департаменті ақпаратты тексеру шараларын қолға алды. Ал жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қаланың сол жағалау бөлігінде қыздарға шабуыл жасалғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды. 


“Ол осы аймақтарда тұрады. Қыздардың артынан шабуылдап, пышақпен қорқытып, ақшасын тартып алады. Ұрып-соғып, зорлауға әрекет жасайды", - делінген ақпараттық бюллетеньде. 


Сонымен қатар, полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі – БАҚ және телекоммуникация желілері арқылы көрінеу жалған ақпарат таратуды еске түсіріп, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікті ескертті.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.