Түркияда қанша қазақстандық депутаттың баспанасы бар?

276

Бір жылдың ішінде 42 қазақстандық Түркиядан баспана сатып алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


ҚР Қаржы министрлігіне қарасты кірістер комитеті шетелден жылжымайтын мүлік сатып алғандардың тізімі тек жалпыға бірдей декларация аясында тапсырылған есеп - қисапқа қаралып жасалатынын атап өтті. 


Комитеттің келтірген дерегіне сәйкес, үйлердің барлығы ұлттық компания мен холдинг басшыларына және депутаттарға, сондай - ақ, олардың әйелдеріне тиесілі екендігі белгілі болды.


"2022 жылы мемлекеттік қызметшілерден басқа кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұлттық компаниялар мен холдингтердің, банктердің, қаржы және сақтандыру ұйымдарының басшылары, депутаттар, әкімдер, сондай-ақ мемлекеттік қызметке, мәслихат депутаттығына кандидаттар, аталған адамдардың жұбайлары және т.б. табыс пен мүлік туралы декларацияны алғаш рет ұсынды.
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияларда 42 жеке тұлға Түркияда тіркелген мүлікті көрсетті",- деп мәлімдеді ҚР Қаржы министрлігінің кірістер комитеті.


Ашық дереккөздеріне сүйенсек, Түркиядан баспана алған қазақстандықтар саны 2 жарым мыңнан асады.
ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы он екі айдың ішінде Қазақстаннан

ТМД елдеріне - 20 мың, өзге шет мемлекеттерге - 4 мың адам тұрақты тұруға көшіп кеткен. Соның ішінде Түркияға 97 адам кеткен.  Ал уақытша тұруға кеткендердің нақты саны белгісіз.
Сондай - ақ,

  • Германияға - 2 530, 

  • Польшаға - 394, 

  • АҚШ-қа - 341 адам тұрақты тұруға кеткен.


ТМД елдері бойынша көшті Ресей бастап тұр. Бір жылда көрші елге көшкендердің саны - 19 452 адам, ал Өзбекстанға - 268, Беларусь еліне - 238 адам көшіп кеткен.