Қазақстанда әскери қызметкерлердің жалақысы өседі

2 284

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қорғаныс министрлігіӘскери лауазымдық жалақы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап бір рет өсті. Енді келесі жылдың басынан бастап олардың жалақысы тағы өседі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің лауазымдық айлықақыларын арттыру 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу бойынша жүзеге асырылды, екінші кезең 2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады. Нәтижесінде әскери қызметшілердің көпшілігінде лауазымдық айлықтары өсті, - делінген жауапта.

Сондай-ақ, әскери қызметшілерге бұрын тоқтатылған жеңілдіктерді қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр:

  • әскери қызметшілерге коммуналдық қызмет үшін төленетін үстемақыны отбасының әрбір мүшесіне төлеу арқылы көлемін өзгерту;
  • әскери қызметшілер мен оның отбасы мүшелерінің жылына 1 рет демалыс орнына барып-қайту үшін жол жүру ақысын тегін етуді қайтару;
  • әскери қызметшілердің қоғамдық көліктерде тегін жүруін қайтару;

Әскери қызметшінің жауынгерлік, жұмылдыру, оперативті дайындық бағдарламалары бойынша 1 тәуліктен артық далалық жағдайларда болуы барысында, сондай-ақ арнайы далалық жұмыстарды орындауда тәуліктік норманың 60% есебінен ақшалай үлесті қайтару.

Әскери қызметшілерге "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес 2025 жылғы 1 шілдеде 1,2 АЕК мөлшерінде далалық төлемдер жүзеге асырылады, - деді Қорғаныс министрлігі.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.