Балабақшада бүлдіршінді жуындырып жатып күйдіріп алған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақтауда "Bala Land" балабақшасында бүлдіршінді гигиеналық процедуралар кезінде күйдіріп алған күтуші жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі lada.kz порталына сілтеме жасап.
Мектепке дейінгі мекеме басшылығының айтуынша, бала гигиеналық процедуралар кезінде су температурасының өзгеруіне байланысты жарақат алған. Сонымен қатар медбике мен мұғалімнің қыздың ата-анасымен дер кезінде байланысып, жағдайды айтқанын жеткізді.
Балабақша өкілі балаға гигиеналық процедураларды жасаған қызметкердің сол күні жұмыстан шығарылғанын хабарлады.
Қаз
Рус






