Арықтаймын деп ота жасатқан мұғалім ажал құшты

1 621

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:Гүлмира Әбіқайдың әлеуметтік желідегі парақшасынанӘлеуметтік желіде "арықтағысы келген әйелдің ажал құшқаны" туралы ақпарат тарады. Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай  әлеуметтік желідегі парақшасында  жазды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оның сөзінше, марқұмның артында екі баласы қалған.

"Арықтаймын деп ажал құшты. Алматылық 47 жасар әйел іштегі майды алдырамын деп арты қайғылы жайтқа ұшырады. Отадан кейін көзін ашып, туыстарына селфи фото жіберген әйелдің жағдайы кешке күрт нашарлайды. Ақыры жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Артында 2 баласы, жары қалды", - деді журналист.

Сонымен қатар, көз жұмған әйел ұзақ жылдық еңбек өтілі бар мұғалім болып шықты.


"25 жыл мектепте жұмыс істеген марқұм "Ұлағатты ұстаз" деген медаль иесі. Операция жайлы ұзақ зерттеп, таңдаған клиникамен 1,6 айдан бері үздіксіз кеңес жүргізіп отырған. Отаға барлық анализдері лайық болған. Пластикалық хирургтер липоксациядан соң денсаулықтың асқынуы мүмкін екенін ескертпедік деп мойындап отыр. Сонда қалай?" - деді Гүлмира Әбіқай.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.