Sulpak дүкенінің қазандығында жарылыс болып, бір адам зардап шекті

1 500

Фото: stan.kzАтырауда Sulpak дүкенінің қазандығында жарылыс болып, жақын маңдағы тұрғын үйдің терезелерін ұшырып, екі көлікті зақымдады. Оқиға салдарынан бір адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Оқиға 29 қазан күні таңертең Атыраудағы "Авангард-2" шағын ауданында болған.

“Sulpak дүкенінің қазандығында газ-ауа қоспасы жарылды. Жарылыстың күшті болғаны сонша, жақын маңдағы тұрғын үйдің терезелері сынып, екі көлік зақымданды. Бір адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді”, – делінген хабарламада. 

Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті де мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, қазандық үш қабатты ғимаратқа жапсарлас орналасқан. Одан небәрі 12 метр жерде тұрған көпқабатты тұрғын үйдің терезелері жарылыс салдарынан ұшып кеткен.                         

Сондай-ақ екі жеңіл көлік бүлінген. Жарылыстан кейін өрт шықпаған.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар, полиция қызметкерлері, Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Апаттар медицинасы орталығының мамандары мен әкімдік өкілдері жұмыс істеп жатыр. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.