Жедел жәрдем қызметкерлері қоқыс арасынан бала тауып алды

1 590

NewTimesАлматыда жедел жәрдем бригадасы үйілген қоқыс арасынан жалғыз жүрген баланы тауып алды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.


"Алматы облысының жедел жәрдем қызметкерлері (дәрігер Молдашева А.К. фельдшер Каленов Б.М. жүргізуші Нарботанов А.С.) түнгі 22:00 шамасында қоқыс маңында жалғыз жүрген 2-3 жасар баланы байқаған. Қатты суықта тоңып жылаған бүлдіршінді дәрігердер дереу жылы киіндіріп, көлікке отырғызды", - делінген жазбада.


Кейін бірден полиция шақырғаны айтылған. Сөйтіп бүлдіршін анасына табысталған. Ол баласын көше кезіп іздеп жүргені белгілі болды. Баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.