Қазақстанға заңсыз 5 тонна шошқа еті өткізілмек болған

1 757

Фото: gov.kz"Сырым" ветеринариялық бақылау-өткізу бекетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген тексеру барысында Ресей Федерациясының Белгород облысынан Алматы қаласына бағыт алған DAF маркалы  жүк көлігі ұсталды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сүйенсек, тексеру нәтижесінде, 5 тонна шошқа еті ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз заңсыз тасымалданғаны анықталды.

Ветеринариялық-санитариялық заңнама талаптарының бұзылуына байланысты жүк көлігі кері қайтарылды. Ал жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

"Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысы аумағындағы ветеринариялық бақылау пункттерінде 129 құқықбұзушылық тіркелді. 129 автокөлік ел аумағынан шығарылып, 76 тұлғаға әкімшілік хаттамалар толтырылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 6 448 480 теңгені құрады",- делінген ақпаратта.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.