Көпірдің құрылысына Украинадағы соғыс кедергі болып тұр - Шенеунік

190

Атыраудағы орталық көпірді жөндеу жұмыстары тоқтап тұр. Шенділердің айтуынша, бұған көрші елдердегі жағдай себеп болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ақ жайық басылымына сілтеме жасап. 




Атырауда орталық көпірді жөндеуден өткізу үшін тендерге жарияланған қаржыға әлі ешқандай мердігер қызығушылық танытпай отыр. Еске салсақ, қалалық мәслихат биыл наурызда қаржыландыруды мақұлдап, ал қалалық әкімдік мемлекеттік сатып алу порталына 920 млн теңгеге тендер жариялаған еді.

Атырау әкімдігі мәлімдегендей, бұл мемлекеттік тапсырысқа әзірге үміткер табылмаған.

2020-2021 жылдары жобалық-сметалық құжаттары жасалып, осы смета бойынша 2022 жылы тиісті көлемде қаржы қаралды. Алайда одан кейін құрылыс материалдары қымбаттап кетті. Бұған көрші елдердегі ахуал да кедергі келтіріп жатқан болуы мүмкін. Ешқандай мердігер қатысуға қызығушылық білдірмеді”, - деді қалалық ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Бахтияр Хамидоллаев