Әлеуметтік саланы цифрландыру қарқынды дамуда
Технологиялар көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан әлемде цифрландыру үлкен маңызға ие. Бұл біздің өмір сүру салтымызды өзгертіп, аймағымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Өңірдегі цифрландыру – бұл қағаз құжаттан электронды құжатқа көшу ғана емес. Бұл біздің өміріміздің барлық аспектілеріне, білім мен денсаулық саласынан бастап, бизнес пен басқаруға дейін әсер ететін жаһандық өзгеріс.
Цифрландыру инновациялардың жаңа көкжиегін ашып, өмір сүру сапасын жақсартады, экономикалық өсуге ықпал етеді. Ақылды қалалардан цифрлық ауылдарға, бұлтты технологиялардан жасанды интеллектке дейін аймақтағы цифрландыру инновациялар мен мүмкіндіктердің жаңа дәуірін білдіреді. Аймақта цифрлық бастамаларды енгізу бағытындағы жұмыстар 2018 жылдан бастап жүргізілуде. Бұған дейін «Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы жүзеге асса, 2023 жылдың аяғында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы бекітілді.
Қауіпсіз мектеп
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асуда. Жоба аясында қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы бөлім басшысынан сұрадық.
Сондай-ақ бөлім басшысы өңірде интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған жобаға тоқталды.
Әлеуметтік саланы цифрландыру қарқынды дамуда
Цифрландыруды енгізу арқылы денсаулық сақтау саласының қызметі өзгереді деуге болады. Цифрландырудың қарқынды дамуы медициналық қызметтердің жаңа көкжиегін ашып, оларды қолжетімді және тиімді етті. Денсаулық сақтауда қандай нақты цифрлық технологиялар қолданылатыны туралы сұрадық.
Көлік және логистика саласын цифрландыру – уақыт талабы
Көлік-логистика саласын цифрландыру өте маңызды. Жаңа технологияларды енгізу арқылы логистикалық процестерді басқару түбегейлі өзгеріп, олардың тиімділігі мен сенімділігін арттыруға сеп болды. Өңіріміздегі көлік-логистика саласын цифрландыруда қандай негізгі технологиялар мен инновациялар қолданылатынын сараптап көрдік.
Цифрландыруды жүзеге асыру мақсатында «Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билет жүйесін орнату» жобасы «AlemPay» ЖШС мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асты. Жалпы 320 қалаішілік қоғамдық көліктің 266-да электронды билет тексеруге арналған құрылғылар мен терминалдар орнатылды. Қызылорда қаласы бойынша 25 қалаішілік және 8 қала маңы маршруттары ұйымдастырылды. Бүгінде жолаушылар Kaspi.kz, Halyk bank қосымшалары, Activ және Kcell кэшбэк – 25 теңге, Beeline кэшбэк – 10 теңге құраса, көлік карталары мен SMS арқылы онлайн төлем жасай алады. 2024 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша автобустарда сатылған билеттің жалпы санының 97,99 пайызы қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесінде екен. Сонымен қоса, «Қызылорда Автобус паркі» ЖШС құрамындағы автобустардың барлығында көліктің жүру бағытын бақылауға арналған «SYSTEM.BUSPARK» – GPS/ГЛОНАСС мониторинг жүйесі бар. Жалпы алғанда 320 қалаішілік қоғамдық көліктің 266-ы қосылған. Сервис спутниктік мониторинг жүйесінің негізгі функционалын және қоғамдық көлікті бақылауға арналған арнайы құралдарды біріктіреді: аялдамалар құру, маршруттарды оңтайландыру, аялдамаларды цифрландыру, көлік құралдарын рейстер бойынша бөлу, кесте бойынша қалалық, қала маңындағы және қалааралық жолаушылар тасымалын бақылау, егжей-тегжейлі есеп беру, қол жеткізу құқықтарының икемді жүйесі, автобус ішіндегі аялдамаларды хабардар ету. Диспетчерлеу жүйесі «SYSTEM.BUSPARK» API бойынша Nimbus, 2Gis және Яндекс жүйелерімен біріккен, сонымен қатар Қызылорда автобус паркі диспетчерлеріне рейстерді жоспарлауға және олардың орындалуын бақылауға көмектеседі.
Тағы бір айта кетерлік жайт қала тұрғындары тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мекемесіне өтінімді онлайн бере алады.
Өңірімізде IT-технологиялар секторы белсенді дамып келеді. Креативтілік пен кәсіпкерлікті ынталандыратын, аймағымыздың маңызды бөлігіне айналған стартап-фестивальдар мен хакатондар жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Бұл іс-шаралар жастар стартаптары үшін бірегей мүмкіндіктер беріп, өз идеяларын кең аудиторияға ұсынуға, IT мамандарынан құнды пікірлер алуға мүмкіндік береді. Сарапшы өңірімізде жүзеге асып жатқан инновациялық жобалар аз емесін тілге тиек етті.
2023 жылдың 17 сәуірінен бастап Astana Hub халықаралық технопаркі, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті үшжақты меморандумға қол қойып, «Kyzylorda Hub» бизнес-инкубаторы «Astana Hub» халықаралық технопаркінің тәжірибесін Қызылорда облысына тарату мақсатында өңірлік хаб есебінде ашылды. Биыл да әдеттегідей, облыс әкімінің қолдауымен инновациялық IT жобаларды дамыту мақсатында «Pecha Kucha Night Kyzylorda», «Smart city Kyzylorda» «Hackathon 2024» хакатоны, «Innofest Qyzylorda» инновациялық жобалар фестивалі өтетін болады. «Kyzylorda Hub» бизнесинкубаторы 2024 жылдың басынан 49 іс-шара ұйымдастырып, 3 бағдарламаны жүзеге асырды. Барлық іс-шараларда 1650 адам қамтылды. Кең ауқымда «Kyzylorda Hub Idea Battle» және «EdTech Hackathon Kyzylorda» байқауы өтті. Байқаулардың жүлде қоры – 1 000 000 теңге. Әйелдерге арналған «Tech girls» және «She-commercе» бағдарламасы ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда бұл бағдарлама бойынша 21 нәзік жан білім алуда. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтар арасында цифрлы сауаттылықты арттыру мақсатында «Digital Skills boost» бағдарламасы жүргізіліп келеді. Бағдарламада 20 азамат цифрлы сауаттылық дағдыларын арттыруда. Облыстық деңгейде «Techno Women» форумы ұйымдастырылды. «Tech Orda бағдарламасы бойынша өткен жылы IT park резиденті «GRAND master» бағдарламау мектебі қатысып, 5 бағыт 3D – Ойын әзірлеу, Python әзірлеуші, WEB әзірлеуші, C++ әзірлеуші, Java әзірлеуші бойынша 33 грант бөлініп, бағдарламалау курстарынан өтті, – дейді цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы.
Геоақпараттық жүйелерді цифрлық түрлендіру
2020 жылы Қызылорда облысында «Өңірлік геоақпараттық жүйе»(ӨГАЖ) жобасын енгізу жұмыстары басталды. Бекітілген талаптарға сәйкес геопортал ашық және жабық контурларға ие. Барлық жеке және заңды тұлғалар үшін ашық контур қолжетімді екен.
Өңірді цифрландыру тек технологиялық серпіліс емес, қоғам дамуының маңызды кезеңі. Цифрландыру өмірді өзгертіп, ыңғайлы әрі тиімді етеді. Азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін цифрлық технологияларды енгізу қажеттігі – уақыт талабы. Дегенмен барлық артықшылықтарға қарамастан, цифрландыру белгілі біл тәуекелдерді тудырады. Деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құпиялықты қорғау және киберқауіптермен күресу маңызды. Қорыта айтқанда, цифрландыру тек жаңа технология енгізу ғана емес, сонымен бірге тұрғындар игілігіне қызмет ететін құрал.
С.Хайрулла