Қазақстан Донбассқа әскер жібере ме? – министр жауап берді

492
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның ДХР мен ЛХР-ды мойындауға қатысты ұстанымын айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Өздеріңіз білесіздер, кеше Ресей президенті Донецк пен Луганс халық республикаларын растау (мойындау – авт.еск.) жөнінде шешім қабылдады. Сондықтан, қазіргі жағдай күрделі, шиеленісіп бара жатыр. Ал Қазақстанның ресми ұстанымы қазір талқыланып жатыр», – деді министр.

Министрдің айтуынша, қазір ЛХР мен ДХР-ды тану туралы сұрақ тұрған жоқ.

«Мұндай сұрақ тұрған жоқ. Ең біріншіден біз халықаралық құқық негізінде және БҰҰ-ның ұстанымын ұстанамыз», – деді Мұхтар Тілеуберді.

Ол тілшілердің «бейтарыптықты сақтайсыздар ғой» деген сұрағына әрине деп жауап берді.

Сондай-ақ, Мұхтар Тілеуберді журналистердің «Путин өтініш білдірсе, Қазақстан ҰҚШҰ-мен Донбассқа өз әскерін жібере ме» деген сұрағына жауап берді.

«Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бар оған Қазақстан мүше мемлекет. Бірақ бұл ұйымнан ол жаққа әскер жіберуге құқығы жоқ», – деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс үлкен отырысынан кейін Ресей президенті Владимир Путин ел азаматтарына үндеу жасап, Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикасының егемендігін дереу тану туралы шешім қабылдау қажет деп санайтынын мәлімдеді. Үндеуден кейін Путин бірден Кремльде ЛХР мен ДХР-ды тану туралы Жарлықтарға қол қойған болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.