Жалған құжатпен 253 млн субсидияны жымқырған

1 513

Ауыл шаруашылығына арналған инвестициялық субсидияны ұрлаған азамат 6 жылға сотталды, - деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ауыл шаруашылығына арналған инвестициялық субсидияны ұрлаған азамат 6 жылға сотталды. Қомақты қаражат ауыл шаруашылығында қолданылатын күн батареяларына бөлінген. Бұл туралы КТК аранасы жариялаған болатын.


Батареялардың қосалқы бөлшектерін сатып алу шығынын өтеу үшін субсидия сұралыпты. Осыны қолға алған күдікті 2018-2020 жылдар аралығында шаруа қожалықтарының атынан жалған құжаттар жасаған. Аталған құжаттарда бөлшектердің бағасын бірнеше есе қымбат көрсетіп, бөлінген ақшаны қалтасына басыпты.


"Жоғары бағамен субсидия алуға өтініш беріп, соның негізінде қаражат төленген. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, келтірілген шығынды өтеуге және 10 жыл мерзімге кәсіпкерлікпен айналысу құқынан айырыла отырып, 6 жарым жылға бас бостандығынан айырылды",-деді Әлібек Әбділов, ҚР қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі.