Педофилдерге хирургиялық кастрация жасау ұсынылды

1 545

Фото: ашық дерек көзіМәжілісмен Елнұр Бейсенбаев әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы таныстырылымында педофилдерге хирургиялық кастрация жасау керек деген ұсыныс айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мәжіліс депутаты заңның таныстырылымында педофилдерге қатысты заңды қатаңдату керегін баса айтты.

"Жаңа ғана отырыста хирургиялық кастрация бойынша айттым. Бізде норма болды, оны ұсындық. Бірақ Үкімет қолдамады. Оны педофилдің жеке өміріне қолсұғушылық деп таныды. Бізде қазір биологиялық, химиялық кастрация бар. Біз педофилдерге қатысты хирургиялық кастрацияны ұсынып отырмыз. Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылатын норма енгіздік. Ал хирургиялық кастрацияны енгізу қажетін айтып отырғаным, ертең жаңа Парламент пен депутаттар жаңа заң қабылдап жатса, педофилдердің бостандыққа шығып кетпеуіне ешқандай кепілдік жоқ. Екіншіден, бұл педофилдерге осындай жаза қолдану осы сияқты қылмыстардың алдын алуға септігін тигізеді", - деді Елнұр Бейсенбаев. 

Депутат кейінгі жылдардағы статистиканы да мысалға келтірді. 

2022 жылдың қорытындысы бойынша балаларға қатысты 430 зорлық-зомбылық болған, жыныстық зорлық бойынша 800-ден астам қылмыс тіркелген. Бұл қорқынышты! Біз бәріміз бала өсіріп отырмыз, қорқамыз. Адам құқығы туралы айтқанда педофилдерді қорғағымыз келеді... Ал балалардың құқығын кім қорғайды? Сондықтан мұндай норманы қабылдау керек деп ойлаймын", - деді депутат.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.