Елбасы үндеу жасағанда үстелге не үшін сағат қойғаны белгілі болды

247
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған видеоүндеуі кезінде үстелге не үшін сағат қойғаны анықталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Кешегі Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған видеоүндеуі біраз талқыланды. Көптеген сарапшылар Елбасының сөздері мен мимикасын ғана емес, сонымен қатар кеңсенің декор элементтерін де талдай бастады. Соның құпиясына да үңіле бастағандар бар.

Әсіресе, үндеу жасалған кездегі үстелдің үстінде тұрған үлкен сағатқа назар аударғандар көп. Мысалы, бұл сағат осыдан екі ай бұрын Елбасының Түркітілдес елдер саммитінің қатысушылары алдында сөз сөйлеген кезінде болмаған.

Үлкен саясатта ұсақ-түйек нәрсенің өзінде мән болады. Мәселен, Маргарет Тэтчер жасырын хабарлама жасау үшін сәнді түйреуіш тағатын. Мысалы ол қандай да бір мәселе бойынша жол бергісі келмейтінін көрсету үшін араның бейнесі түйреуіш тағып алатын.

Бәлкім, Елбасының жұмыс үстеліндегі сағат халыққа үндеуі дер кезінде әрі нақты болғанын аңғартса керек. Тұңғыш Президент төтенше жағдай аяқталған кезде үндеу жасады. Бірақ дағдарысты шешудің қоғамдық процесіне араласпады.

Сонымен қатар осы жолғы үндеуінің тағы бір ерекшелігі — фонда шырақ түріндегі қабырға шамы жанған жоқ. Оның жасырын мағынасы болмаған шығар. Бірақ ол қайтыс болғандар үшін қайғы мен көңіл айтуды бейнелеген болуы мүмкін.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.