Дала тасбақасын үйінде ұстаған тұрғындарға айыппұл салынбақ

1 540

travelask.ruМаңғыстау облысының тұрғындарына дала тасбақасын үйінде ұстағаны үшін айыппұл салынбақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Маңғыстау облысы бойынша өңірлік экологиялық кеңестің мәліметінше, дала тасбақасын жабайы табиғаттан алуға, сондай-ақ үй жануары ретінде ұстауға немесе сатуға тыйым салынады.


Экологиялық кеңес өңір тұрғындарына дала тасбақасын үйде ұстағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

“Тасбақаларды табиғаттан алуға болмайды. Егер онымен кездесуден естелік ретінде бірдеңе қалдырғыңыз келсе, суретке түсіп, жібере салыңыз. Бұл үй жануары емес, жабайы жануар”, – дейді экологтар.

Маңғыстау облысы бойынша аймақтық экологиялық кеңестің мәліметінше, дала тасбақасын үйде ұстағаны үшін тұрғындарға 10-нан 140 АЕК (36 920 – 516 880 теңге) көлемінде айыппұл салынады. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.