ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

138
Əлеуметтік сала – еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі екендігі белгілі. Əсіресе, «əлеуметтік» ұғымымен - қорғау, көмек, қызмет, оңалту, ортаға əсер ету, қамсыздандыру, паналау орны, диагноз, қолдау, педагогика, қызметкер секілді қатарлас қолданылатын тіркестер құлағымызға сіңісті болып кетті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 Десек те, бұлардың бəрінің астарында қоғамда болып жатқан мəселелерге немқұрайлы қарамай, мемлекетіміздің əрбір көмекке мұқтаж жандарына қол ұшын созу жатыр.

Бүгінде осындай көзге көріне бермес, қиындығы көп жұмысты еңсеріп жүрген сала мамандарының қажырлы еңбегі еліміздегі әлеуметтік саясатты оңтайлы жүзеге асыруға мүмкіндік беруде.

Расында, бұл - адам құқықтары мен қоғамдық тұрақтылықтың сақталуының айқын көрінісі. Сонымен қатар, кәсіби деңгейі жоғары, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына сіңіре білген қызметкерлердің көмекке зәру қарттарға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен мүгедектігі бар адамдарға, түрлі жағдайларға душар болған отбасыларға, зейнеткерлерге қолдау жасауға әркез әзір болуы саланың құндылығын арттырады.

Бүгін осынау күрделі сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

Сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаған қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова: Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуда аянбай еңбек етіп, мұқтаж жандардың игілігі үшін тер төккен сала мамандары қашанда құрметке лайық. Қажырлы еңбектеріңіз, кең жүректеріңіз, өзгенің қайғысына көз жұмып қарай алмайтын адалдықтарыңыз, ақжүректіліктеріңіз үшін Сіздерге мың алғыс,–деді.

Шаһар басшысының орынбасары Ақзира Қасымова сала жұмысын алға өрлетудегі өлшеусіз үлесі үшін қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаеваға облыс әкімінің «Құрмет» грамотасын, сондай-ақ, бірқатар сала үздіктеріне қала әкімінің алғыс хаттарын табыстады.
Салтанатты шара қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.