Жазасын өтеуші: «Анамның өліміне өзімді кінәлі санаймын»

369
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық–атқару жүйесі департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде абайсызда қылмыс жасағандар жазасын өтеуде,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі. 

Сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі ЗК-169/4 мекемесінде  жүйелі жүргізілуде. Қазіргі таңда мекемедегі жазасын өтеушілер қала аумағындағы  33 кәсіпкерде   жұмыс жасайды. Олар пластик терезелер, жалюз-перделерін тігу және кірпіш өнімдерін шығарумен, автокөліктерді жөндеумен   айналысады. 

Бүгін Техникалық жөндеу орталығында жұмыс жасайтын Арман есімді  жазасын өтеушілермен сұхбаттасудың сәті түсті. Техника тілін жетік меңгерген Арман абайсызда жол көлік апатына  ұшырап, сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылып, 2020 жылдан бері қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жатыр. Сол қайғылы ауыр күнді күрсіне есіне алған ол шер тарқатқан болатын. 

- Сіздің темір тордың артына тоғытылуыңызға не себеп?

«Жазым деген аяқасты ғой. Машинаны өзім жүргізіп отырғанмын, жанымда анам болатын, бір сәт көзім ілініп, қарсы бетке шығыппын, машинамды басқара алмай жол-көлік оқиғасы орын алып, соққан көліктен де   адам өлімі болды.  Өмірдегі қимас жаным анамнан  осылай айырылдым деп көзіне жас алды. Кінәлімін, кінәмді мойындайым да, «ер жігіттің мойнында қыл арқан шірімес»

- Өмірге деген өкінішіңіз бар ма және де темір торға дейіңгі өміріңіз жайлы айтып берсеңіз.

Әрине,  өкініш бар, анамнан бір айырылғандығым.  Әйелім мен екі балам  менің бостандыққа шығуымды тағатсыздана күтуде. Бостандықта құрылыс саласында  жұмыс жасағанмын, жеке көлігім болған соң бұзылмай тұрмайды, өзім жөндеп ала беретінмін. Техника тілін жетік меңгергендігімнен  шығар, 2020 жылдан бері осы жеке кәсіпкерге мекеме қызметкерлері жұмысқа тұрғызды. Міне , содан бері машина жөндеуден қол үзген емеспін. Көбіне   машинаның беріліс қорабының  істен шығуын жөндеймін. Машинаның моторын шешіп, ақау жерін анықтап, қайта жөндеп мерзімінде орындауға тырысамын. Сол бұзылған көлікті қайта жөндеп, қалпына келтіргенше асығамын. Кәсіби механик ағамыз білмегенімізді үйретеді. 

Атқарған еңбегіңіз бағаланып, еңбекақы төленеді ме? 

«Еңбекақымызды уақытылы төленеді. Күндіз-түні ойлайтыным отбасымның амандығы, еңбекақымды отбасыма жіберемін. Әйелім балаларыма қажетті заттарды алып беріп, қуантып жатса, бұнан асқан бақыт барма? Жазамның аяқталуына 4 жылға жуық уақыт қалды. Жазамды толық өтеп шыққан соң, егіншілікті кәсіп қылсам деген ниетім бар»
  
Сотталған азаматтарды  жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкер Жанболаттың айтуынша: «техникалық жөндеу орталығында 7 азамат жұмыс жасайды. Олар жұмысқа уақытылы келіп, жұмыстарын ұқыпты, тиянақты жасайды. Жұмыс барысында білгенін пысықтаймыз, білмегенін өзім үйретемін. Мен де бұл азаматтардың бостандыққа шығып, отбасыларымен тезірек қауышуын тілеймін», -  деді. 
 
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті