Қызылордадағы кен орнында екі күзетші газға уланып көз жұмды

265
Қызылорда облысында кен орнындағы металл вагоннан жасалған тұрғын жайда екі адам газдан уланып көз жұмды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Аталған оқиға байланысты хабарлама облыстық төтенше жағдайлар департаментіне 12 желтоқсанда сағат 20:30 шамасында келіп түскен.

Онда серіктестіктің бірінің өкілінен Сырдария ауданы аумағында орналасқан Белқұдық Тұзкөл ұңғымасы No49 кен орнындағы тұрғын жайға арналған металл вагонда көміртегі газымен уланған екі адамның қайтыс болғаны айтылған. Олар - 1972, 1975 жылғы азаматтар, Қызылорда қаласында тұрады. Жергілікті серіктестіктің бірінде күзетші қызметін атқарған, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.