Байқоңырдан ұшырылған ресейлік зымыран қалдықтары Ұлытау облысы тұрғындарын шошытты

5 052

Фото: Госкорпорация «Роскосмос»Ұлытау облысында далалық аймақтан табылған зымыран қалдықтары жергілікті тұрғындардың зәресін алды. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болған жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде далада табылған зымыраның видеосы тарады. Видео Halyqstan Telegram арнасында жариялады.

“27 қарашада сағат 14:27-де Астана уақыты бойынша “Байқоңыр” ғарыш айлағынан экипаждық кемесі бар “Союз МС-28” тасымалдаушы зымыраны сәтті ұшырылды. Ұшыру жоспарға сәйкес өтті”, – деп мәлімдеді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, зымыранның бірінші сатысы аталған аймаққа, Ұлытау облысындағы елді мекендерден алыс жерге түскен. Ведомство халыққа ешқандай қауіп жоқ деп сендірді.

Сондай-ақ оқиға орнына “Роскосмос” өкілдері мен Қазақстан мен Ресейдің экологтары келді. Олар өлшеу жұмыстарын жүргізіп, сынамалар алып жатыр.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зымыран қалдықтарының экологияға зиян жоқ екені анықталды.

“Союз МС-28” экологиялық тұрғыдан қауіпсіз отынды пайдаланады, яғни керосин және сұйық оттегі. Құлаған қалдықтар радиациялық, химиялық немесе биологиялық қауіп төндірмейді”, — делінген жауапта.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.