Елімізде өз көлігінде жыныстық қатынасқа түскендер 10 тәулікке қамалмақ

721

Қазақстанда жеке көлікте жыныстық қатынасқа түскені үшін заң алдында жауапкершілік көзделген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.



Жеке көлікте жыныстық қатынасқа түскені үшін азаматтарға заң бойынша жауапкершілік көзделген бе? Мұндай жағдайда қандай шаралар қолданылуы мүмкін? Бұл сұрақтарға толығырақ заңгер Мұхамедияр Нұрғалиұлы жауап берді.


Көлік жеке мүлік екені белгілі. Соған орай қоғамда "ішінде не істесем де өзім білемін" деген пікір қалыптасқан. Алайда бұл - қате түсінік. Белгіленген заңға сәйкес, кез келген ашық жерде жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салынады. 


"Көліктегі жыныстық қатынас. Дәл осындай жағдайға тап болсаңыз, мұның жауапкершілігі қандай болмақ? ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес бұл ұсақ бұзақылық есебіне кіреді. Яғни бұл жерде 5 АЕК дейін айыппұл салынуы мүмкін немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамақ берілуі мүмкін", - дейді заңгер. 


ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер саналады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.