Балабақшада 1,5 жасар бала ыстық сорпаға күйіп қалған

1 500

Фото: Pixabay.comАстанада балабақшада бір жарым жастағы баланың ауыр күйік алуына байланысты қылмыстық іс қозғалды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, оқиға 2 қазанда болған. Бір жарым жастағы бүлдіршін ыстық сорпаға күйіп қалып, денесінің 10 пайызы үшінші дәрежелі күйік алған.

Баланың анасы балабақша өкілдері болған жағдайға өздерінің қатысы барын мойындамағанын айтқан.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Балабақша қызметкерінің кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауы» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында бейнебақылау камераларының жазбалары алынып, қазір зерттеліп жатыр», – деп хабарлады полиция.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.