Балабақшада 1,5 жасар бала ыстық сорпаға күйіп қалған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Астанада балабақшада бір жарым жастағы баланың ауыр күйік алуына байланысты қылмыстық іс қозғалды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, оқиға 2 қазанда болған. Бір жарым жастағы бүлдіршін ыстық сорпаға күйіп қалып, денесінің 10 пайызы үшінші дәрежелі күйік алған.
Баланың анасы балабақша өкілдері болған жағдайға өздерінің қатысы барын мойындамағанын айтқан.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қаз
Рус






