"Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа тұрғызу үшін 4 миллион теңге берген": Түркістан облысында әйел алаяққа алданды

280

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Түркістан қаласының тұрғыны қызын Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа орналастырамын деп 4 миллион теңге беріп, алаяққа алданып қалған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі “Отырар” порталына сілтеме жасап.

Фото: Турар Казангап

Әйел арманындағы жұмысқа қызын орналастыру үшін 4 миллион теңге беруге дайын болған. Сөйтіп өзі танитын ер адамға қаражатты ұсынған. Азамат та өз кезегінде жұмысқа тұрғызатынын уәде еткен. Ер адам біраз уақыт хабарсыз кеткен соң, әйел өзінің алданып қалғанын түсінген. 


2 жылдан кейін әйел полициядан көмек сұраған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді.


Күдікті ҰҚК-мен байланысы жоқ, жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.


Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.