Автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті: 4 адам ауруханаға жеткізілді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Елордада автобус жаяу жүргіншіні қағып кеттіӘлеуметтік желіде Астанада автобус қыз баланы қағып кеткені туралы ақпарат тарады,– деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем оны ауыр халде ауруханаға алып кеткен.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, IVECO маркалы маршруттық автобус жүргізушісі Байтұрсынов көшесімен келе жатып, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
"Кенет тежелу салдарынан автобустың үш жолаушысы дене жарақатын алды. Жаяу жүргінші мен үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – деп хабарлады департамент.
Қаз
Рус






