Қызылорда облысында заңсыз құрылыстарды реттеу және абаттандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде
Қызылорда облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңірдегі қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, жер және құрылыс саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылды. Бұл топ облыс аумағында заң талаптарына сәйкес келмейтін нысандарды анықтап, тиісті шаралар қабылдауға бағытталған кешенді жұмыстарды жүзеге асыруда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жүргізілген зерделеу жұмыстары барысында облыс бойынша 555 кәсіпкерлік нысанның құрылысы жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Оның ішінде: Қызылорда қаласы – 158 нысан, Арал ауданы – 72 нысан, Қазалы ауданы – 65 нысан, Қармақшы ауданы – 35 нысан, Жалағаш ауданы – 29 нысан, Сырдария ауданы – 36 нысан, Шиелі ауданы – 72 нысан, Жаңақорған ауданы – 88 нысан.
Аталған кәсіпкерлік нысандардың құрылысын заңдастыру жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күнге дейін 175 нысан ресми түрде заңдастырылды. Атап айтқанда: Қызылорда қаласында – 81 нысан, Арал ауданында – 13 нысан, Қазалы ауданында – 6 нысан, Қармақшы ауданында – 4 нысан, Сырдария ауданында – 5 нысан, Шиелі ауданында – 2 нысан, Жаңақорған ауданында – 64 нысан.
Сонымен қатар, 81 кәсіпкерлік нысанның заңсыз салынғаны анықталып, меншік иелеріне қатысты 214 әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұл хаттамалар аудан-қалалар бойынша төмендегідей таратылды: Қызылорда қаласы – 33 заңсыз нысан / 81 хаттама, Арал ауданы – 9 нысан / 21 хаттама, Қазалы ауданы – 10 нысан / 30 хаттама, Қармақшы ауданы – 1 нысан / 3 хаттама, Жалағаш ауданы – 5 нысан / 14 хаттама, Сырдария ауданы – 10 нысан / 29 хаттама, Шиелі ауданы – 5 нысан / 14 хаттама, Жаңақорған ауданы – 8 нысан / 22 хаттама
Нәтижесінде меншік иелеріне жалпы сомасы 86 579 960 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл шаралар заңсыз құрылыстардың алдын алып, құрылыс саласында тәртіп орнатуға бағытталған.
Бұған қоса, Қызылорда қаласындағы 4 кәсіпкерлік нысан сот шешімімен бұзылды. Сонымен қатар, КБИ мөлтек ауданында заңсыз салынған пәтердің қосымша құрылысын бұзу туралы сот шешімі шығарылды.
Жалпы, бұл жұмыстар облыстағы құрылыс және жер қатынастары саласындағы тәртіпті күшейтіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы орайда, Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызметкерлері тарапынан құрылыс процесіне қойылатын талаптар жөнінде күнделікті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар тұрғындарға және кәсіпкерлерге арнайы парақшалар таратылып, заң талаптары бойынша кеңестер берілуде.
Аталған жұмыстар Қызылорда облысында заңсыз құрылыстарды болдырмау, аумақтарды тиімді жоспарлау, инфрақұрылымды дамыту және сәулеттік келбетті сақтау мақсатында жүргізіліп отыр. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын тауып, тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында заңдылықты сақтау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.