ЛАТВИЯ МЕМЛЕКЕТІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШТЫ

2 675

Фото: Денсаулық сақтау басқармасы2024 жылдың сәуір айында Қызылорда медициналық жоғары колледжі Латвия мемлекетіндегі Рига медициналық колледжімен Евроодақ деңгейіндегі меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Меморандум аясында ағымдағы жылдың 2-шi желтоқсанында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы, көпбейінді облыстық аурухананың бас дәрігері Баймаханов Жасұлан Болатбекұлы және Қызылорда медициналық жоғары колледжінiң директоры Қалмақова Жанар Амангелдіқызы Латвия елінде өткен халықаралық конференцияға қатысты. 

Конференцияда колледж директоры Жанар Амангелдіқызы Словакия, Молдавия, Болгария т.б. елдердің медицина мамандары алдында баяндама жасады. 

Сондай-ақ, іс-сапар барысында аймақтың бас дәрігері Олжас Ермекұлы бастаған конференцияға қатысушылар медициналық білім мен тәжірибе алмасу мақсатында Латвияның емдеу мекемелерінде болып, одан әрі Латвия Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен кездестi. Кездесуде бiлiм беру саласындағы медицина қызметкерлерінің одан әрі ынтымақтастығын талқылаумен катар, өзге де маңызды жоспарларға келiсiм жасалды. 

Меморандум аясында оқу жылының ІІ-шi жартыжылдығында медицина колледжінің білім алушылары академиялық ұтқырлық мақсатында Рига медициналық колледжінде оқуларын жалғастырмақ.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.