Елімізде сібір жарасы тіркелді

2 538

Фото: kolomnagrad.ruТүркістан облысының Төле би ауданында сібір жарасы дерегі тіркелді. Аудан тұрғыны қазіргі таңда аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Эпидемиологтардың мәліметіне сүйенсек, науқас шамамен он күн бұрын ауру малды сойып, етін пайдаланған. Сақтық шараларын елемегендіктен, инфекция осылайша жұққан.

Дәрігерлер науқаспен байланыста болған 10 адамды тексерді. Абырой болғанда, олардан ауру белгілері анықталмады.

Облыстық санитария қызметінің мамандары тұрғындарға мал өнімдерін тұтынғанда сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертті. Мамандар әсіресе ауру мал етін пайдаланбауға, қол гигиенасын сақтауға және күдік туындаған жағдайда дереу дәрігерге қаралуға шақырады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.