Алексей Цой елімізде коронавирустан адам көп қайтыс болып жатқан өңірлерді атады

291

Фото: Денсаулық сақтау министріДенсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында елде коронавирус жұқтырғандармен қатар індеттен көз жұмғандар санының да артқанын айтты.

"Елімізде ауру жұқтырғандармен қатар өлім жағдайының да өскені байқалады. Наурыз айында ақпанмен салыстырғанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 1,4 есеге өсті. Өлім-жітімнің 57 пайызы Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы облысында тіркелген", - дейді ол.

Министрдің сөзінше, елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қосымша шектеу шаралары қабылданып жатыр. Бүгінде Қазақстан бойынша 30 109 төсек-орын әзірленген. Олардың 41 пайызында науқастар жатыр.

Төсек-орындардың бос еместігі әсіресе Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында және Алматы облысындағы ауруханаларда байқалуда. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.