Дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегіне ота жасады
Алматыда алғаш рет жүкті әйелге жүрекке рентген сәулесін қолданбай эндоваскулярлық ота жасалды. Бірегей отаны Қалалық кардиология орталығының дәрігерлері Астанадағы UMC жүрек орталығының мамандарымен бірлесіп өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жүктіліктің 23-аптасында жүрген әйелге жасалған. Дәрігерлер туа біткен жүрек ақауын эхокардиографияның көмегімен, рентгенсіз және жергілікті жансыздандырумен емдеді. Бұл ана мен ұрыққа рентген сәулесінің әсерін толықтай болдырмады.
Науқас тұңғыш сәбиін күтіп жүрген және тіркелген емханасында кардиологтың тұрақты бақылауында болған. Алайда жүктілік мерзімі ұлғайған сайын жүрек-қан тамырларына түсетін жүктеменің артуына байланысты жағдайы нашарлап, ота қажет болған.
Операциялық бригаданың құрамында UMC жүрек орталығының интервенциялық кардиологы Ерік Отарбаев, сондай-ақ Қалалық кардиология орталығының мамандары — Оразбек Сахов пен Бауыржан Аипов болды.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты. Ана мен ұрықтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.







