Елде онкологиялық қызмет сапасы жаңа деңгейге көтерілді

2 511

Фото:© freepik.comБүгінде Қазақстанда онкологиялық көмектің барлық негізгі түрлері - жоғары дәлдікті диагностикадан бастап заманауи емдеу әдістеріне дейін қолжетімді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде 100-ден астам заманауи ісікке қарсы препарат қолданылады, оның ішінде 40-ы инновациялық таргеттік дәрілер. Саладағы соңғы деректерге сәйкес, 400-ден астам халықаралық телемедициналық консультация өткізілген. Сонымен қатар, үй жағдайында медициналық көмек көрсететін 252 мобильді бригада жұмыс істеп тұр. Өңірлерде диагностикаға қолжетімділік кеңейіп келеді. Заманауи маммограф, компьютерлік томография және ультрадыбыстық зерттеу құрылғыларымен жабдықталған жылжымалы медициналық кешендер саны артуда. Дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде 100-ден астам заманауи ісікке қарсы препарат қолданылады, оның ішінде 40-ы инновациялық таргеттік дәрілер.

Сондай-ақ сүт безі, жатыр мойны және колоректальды обырды ерте анықтауға арналған мемлекеттік скринингтік бағдарламалар іске асырылып жатыр. Қазіргі таңда өкпе обырына скрининг енгізу мәселесі қарастырылуда.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.