Дәрі-дәрмектер 100 пайызға қымбаттайды
Қазақстандае йод, корвалол, меновазин, бриллиант жасылы мен валериана сығындысы қымбаттауы мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Өйткені жаңа жылдан бастап осы дәрі-дәрмектің құрамына кіретін этил спиртіне акциз салығы салынады.
Атамекен" ҰКП Медициналық қызмет департаментінің басқарушы директоры Назгүл Қабдырахманованың болжауынша, қазір тиын-тебен тұратын бұл препараттардың бағасы 30, тіпті 100 пайызға өседі.
25 миллилитр құтысы 100-200 теңге аралығында сатылатын йод, сол аралықта тұратын корвалол тамшылары енді екі есе қымбаттап шыға келуі мүмкін. Өйткені медициналық таза спирттің литріне салынатын акциз көлемі 600 теңге, спирт тұнбасына 2 жарым мың теңге. Ал біздің нарықта Ресей мен Беларусьта өндірілген дәл осы дәрілер әлдеқайда арзанырақ. Өйткені бұл мемлекеттерде нақты осы препараттарға акциз салығы жоқ екен. Сондықтан тұтынушы әлбетте бәсекелестер шығарған қолжетімдісін таңдайтынын айтады. Сондықтан отандық фармацевттер өндіріс көлемін азайтып, жұмыс орындарын да қысқартуына тура келеді дейді.