Cыр өңірінде заманауи технологияға сай «Q-MED» емханасы ашылды

181

«Q-MED company group» жаупкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңа емханасының ашылу салтанаты өтті,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

 

Бүгінгі күн – біздің қаламыздың тарихындағы жарқын беттердің бірі. Себебі, пайдалануға берілген медициналық мекеме жаңа нысан екендігімен қатар, оның өзіндік ерекшеліктері де бар. Заман талабына сай, жоғары технологиялық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген, науқастардық ем-дом алуына, медициналық тексерілуіне толық мүмкіншілік жасалған мұндай мекеме қала тұрғындарға көптен бері қажет болып жүрген. Міне, бүгін кәсіп иелері «Q-MED company group» жаупкершілігі шектеулі серіктестігінің бастаумен және шетелдік инвестиция тарту арқылы үлкен әлеуметтік нысан ашылды.

Ел Президенті халықтың денсаулығын жақсарту ісін басты назарда ұстап келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арналған   жолдауында «Дені сау   ұлт-мықты  мемлекеттің  негізі» деп көрсетті.  Дені сау ұрпақтың болашағы да зор болатыны мәлім. Мектептер мен балабақшалардың ашылуы, ауруханалар мен емханалардың пайдалануға берілуі – еліміздің келешегінің кемел болатынына сенімді арттыра түседі

Қызылорда облысында әлеуметтік салада құрылыс кең көлемде жүргізіліп жатыр: «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жоба аясында 27 нысанның құрылысы басталды. Ал шаһарда бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсектік көпбейінді аурухананың іргетасы қаланды. 

Бүгін бой көтеріп тұрған Емхананың басқа медициналық мекемелерден басты ерекшелігі жаңа нысан барлық медициналық керек құралдар, аппараттармен бірге, яғни, жұмыс істеуге толық дайын күйінде ашылып отыр. Яғни, науқас медициналық барлық тексеруден бір жерден өтеді. Күндізгі бөлімде ем де қабылдауына болады. Мұндағы МРТ аппараттың ерекшелігі – 250 кг. салмаққа дейін жүкті көтере береді (қалада бар аппараттар 120 кг-ға дейін ғана көтеретін). Емхана жобасының жалпы құны – 1 млрд. теңге. Бұл «Q-MED company group» жаупкершілігі шектеулі серіктестігінің бастаумен, мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бойынша кредиттеу бағдарламасы аясында Даму қорының және шетелдік инвестиция тарту арқылы жүзеге асырылып отыр.

 

Денсаулық сақтау саласы үшін халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету – басты міндет. Тұрғындарға берілетін дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Жалпы облыс бойынша емдеу мекемелерінен 2023 жылға 3,1 млрд. теңгеге сұраныс берілді. Сәйкесінше, 300-ден аса препарат және ОСМС бойынша 200-ден аса дәрі-дермекпен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар сирек кездесетін ауру түрлеріне жергілікті бюджет қаражат есебінен 500 млн. теңгеге жуық тегін дәрі-дәрмек алынды. 

Бүгінде облыс халқына 2860 дәрігер, 10721 орта буынды мамандар медициналық қызмет көрсетеді. Өткен жылы 78 жас маман жұмысқа қабылданып, оның 22-сі елді мекенде қызмет етуде.

Биыл медицина саласына облыс әкімінің 30 гранты бөлінді. Бұл шаралар өз кезегінде 2025 жылдан бастап саланы аймақтық дәрігерлермен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ана мен бала денсаулығын қорғау саласы бойынша биыл біліктілікті арттыру мақсатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен дәрігерлерге 18 бағыт және орта буын қызметкерлеріне 22 бағыт бойынша оқыту жоспарлануда, мұның барлығы ел игілігі үшін жасалуда. Осы жолда халықтың денсаулығын жақсартуда шағын және орта бизнес өкілдерінің үлесі зор. – деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков

«Q-MED company group» ЖШС заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және ұйымның Жарғысына сәйкес жүзеге асырады. 

Ұйымның негізгі қызмет түрлері:

  1. бекітілген халыққа алғашқы медициналық- санитарлық көмекті, амбулаторлық және стационарлық алмастыру нысандарында білікті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша көмек көрсету
  2. ақылы медициналық қызметтерді көрсету:
  3. сараптамалық медициналық қызмет;
  4. фармацевтикалық қызмет;
  5. диагностика;
  6. MPT
  7. КТ
  8. рентген
  9. маммограф
  10. зертханалық диагностика
  11. медициналық оңалту;
  12. аурулардың алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс- шараларды жүзеге асыру.

Емхана ғимараты Қызылорда қ., көш. Есімхан 19Д және Есімхан көшесі 21Е орналасқан. Құрылыс алаңы 1247,1 ш.мжәне 281,5 ш.м. Емхананың белгіленген жұмыс уақыты күнделікті, аптасына 7 күн, сағат 8.00- ден 20.00- ге дейін, қоңырауларды қабылдау 8.00- ден 18.00- ге дейін.

Емхананың жоспарлы қуаты ауысымына 300 адамға дейін жетеді. Бекітілген тұрғындардың жоспарлы саны 20 000 адамды құрайды. 150 көлікке арналған жеке автотұрақ бар.

Ұйымның негізгі қызметі консультативтік- диагностикалық көмекті ұйымдастыра отырып, ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсету болып табылады. «Бір терезе» қағидаты бойынша көмек: халықты   бір емхана шеңберінде амбулаториялық-емханалық көмек және стационарды алмастыратын технологиялар жағдайында мүмкін болатын диагностикалық және  емдік шаралардың барлық кешенімен қамтамасыз ету арқылы МСАК енгізу.

Ұйымның кірісін бекітілген халыққа көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен, ақылы медициналық қызметтен, халыққа профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырудан түсетін кірістерден қалыптастыруды жоспарлап отырмыз.

Ұйымның қажетті материалдық-техникалық базасы, тұрақты ұжымы бар жоғары сапалы медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті кәсіби, теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгерген дәрігерлер, медбикелер. Емхана медициналық диагностика және емдеу жабдықтарымен жабдықталған. Медициналық қызметтердің кең спектрін ұсынатын:

  1. Магниттік-резонанстық томограф GE Optima MR450W 1,5 TL (жүк көтергіштігі 250 кг)
  2. GEOptima XR 646 сандықрадиографиялықжүйесі
  3. Маммография қондырғысы SenographeCrystalNova
  4. Logiq P9 медициналық ультрадыбыстық диагностикалық жүйесі (сарапшылық ультрадыбыстық премиум сынып)
  5. Компьютерлік томограф (сканер) GEOptima 660 CT (64 тілім)
  6. Клиникалық диагностикалық зертхана бар.
  7. Зертхана зертханалық зерттеулерге қажетті барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған және шығыс материалдары: CobasE 411 электро химилюминесцентті диагностикаға арналған автоматты анализатор.
  8. Invitroдиагностикасына арналған автоматы биохимиялық анализатор CobasIntegra 400 plus
  9. Автоматты гематологиялық анализатор BC-5800 Коагулометр TS-4000 керек- жарақтарымен бірге.
  10. Коагулометр TS-4000 керек-жарақтармен бірге
  11. Invitro диагностикасына арналған Urisys 1100 зәр анализаторы
  12. Флуоресцентті анализатор Finecare FIA MeternFinecare FIA MeterPlus
  13. AxioLabA медициналық зертханалық микроскоп
  14. Қан компоненттерін керек-жарақтармен бөлуге арналған HW6M центрифугасы және де Автокераторлық рефрактометр
  15. Көз ішілік қысым тонометрімен байланысты
  16. Саңылау шамы
  17. Оң жақ офтальмоскоп
  18. Жанама офтальмоскоп
  19. Белгі проекторы
  20. ЛОР комбайн
  21. Диагностикалық отоларингологиялық микроскоп, 
  22. Кедергілерді өлшеуге арналған ортаңғы құлақ анализаторы
  23. Амбулаторлық хирургияға арналған жиынтық «Коагулятор U81M- AX2 жоғары жиілікті электрохирургиялық аппарат EHVCh-80-03 FOTEK»
  24. Спирометр Аудиометр
  25. Бейне кольпоскоп
  26. Видеосидоскопиялық құрылғы
  27. ЭЭГ
  28. ЭКГ
  29. Холтер 
  30. SMAD
  31. Физио терапиялық жабдықтың толық жиынтығы

Мұның барлығы мамандардың амбулаториялық қызметін жандандыруға, кеңейтуге мүмкіндік береді. Халыққа көрсетілетін қызметтер кешені, ақылы қызметтердің кепілдік берілген көлемімен қатар көрсетуге бағытталған.

Емхана ашылғалы барлығы 60-тан астам  (жоғары білімді 26 дәрігер, 22 орта буынды медицина қызметкерлері, 4-санитарлық тазалықшы) қызметкер жұмыспен қамтылды. Оның ішінде орта буынды медициналық қызметкерлер Қызылорда мемлекеттік жоғары медицина колледжінің үздік түлектері. Қазіргі уақытта емхана 6000-нан астам тұрғынға қызмет көрсетуде.

Нысан толықтай соңғы үлгідегі жабдықтармен (медициналық аппараттар, жиһаздар) қамтылған. Мамандар да жеткілікті. Әр дәрігердің дербес компьютері бар. Мұндағы медициналық аппараттар мен құрал-жабдықтардың жалпы саны – 137.  Бұрынғыдай дәрігер науқастың дертін анықтау үшін бірнеше күн уақыт кетірмейді, жаңа емхананың барлық құрал –жабдықтары мен зертханасы өзінде бар болғандықтан бірден аппарат арқылы тексеріп, нәтижесін сол сәтте біледі. 

Құрал-жабдықтарды шетелден сатып алғанда арнайы келісім-шартқа отырамыз. Сол бойынша, қажет болса, шетелдік мамандар келіп, біздің дәрігерлерді оқытады. Күрделі шетелдік аппараттардың «тілін» меңгеру осылай шешіліп жатыр. Медицинада жұмыс істеудің басты шарттарының бірі – адамдарға деген сүйіспеншілік! Сондықтан медицинада кездейсоқ адамдар жоқ. Өмірдің қиын және күрделі сәттерінде адамға көмекке келе отырып, біз үлкен жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Бұл әсіресе соңғы, төтенше 2 жылда айқын көрінді. Медицина саласы жауапкершілігі мен маңызы өте жоғары салалардың бірі. Медицина қызметкерлерінің жұмысы өте күрделі және жауапты, олар демалыссыз, мереке күндері де жұмыс істейді. Біз ең күрделі және маңызды міндеттердің бірі – қолжетімді, сапалы және тиімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету бойынша халықтың ықыласынан шығу мақсатында бірлесіп жұмыс істейміз. Сәттілік пен қажымас қайрат тілеймін. Ел игілігі жолында тек жақсы жаңалықтармен жетістіктермен көріне берейік. – деп Емхана қызметін таныстырып жүргізді Емхана бас дәрігері Абдразакова Лаура Есенгелдіқызы.