Алғаш рет ер адамнан микро-ТESE операциясы арқылы ұрық алынды

2 602

Фото: Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасыӨңірде алғаш рет азооспермия диагнозы қойылған науқасқа микрохирургиялық микро-TESE операциясы жасалды. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Азооспермия — ерлердің репродуктивтік қабілетіне аса ауыр әсер ететін патологиялардың бірі. Мұндай жағдайда сперматозоидтар мүлде болмайды, сондықтан дәстүрлі жолдармен ұрықтандыру қарастырылады. Микро-TESE әдісі — заманауи микроскопиялық технологияларды пайдаланып, аталық бездің тіндерінен минималды зақым келтіріп сперматозоидтарды анықтауға мүмкіндігін беретін ең тиімді хирургиялық тәсіл. Бұл процедура кейіннен экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) бағдарламасында қолданылады.

«Операция жоғары технологиялық микроскопиялық жабдық көмегімен жүргізіліп, барлық кезеңі кәсіби шеберлікпен сәтті аяқталды. Алынған материал ЭКО процесінде қолдануға дайын. Бұл — Атырау облысында микро-TESE әдісімен жасалған алғашқы ота, және өңірдің репродуктивтік медицина саласының жаңа даму кезеңінің бастамасы болып отыр. Алдағы уақытта осы инновациялық тәсіл аймақтағы көп азаматқа ата-ана бақытын сыйлауға мүмкіндік береді деп күтілуде», - делінген ресми мәлімдемеде.

Айта кетейік, бұл отаны Атырау облыстық ауруханасының уролог-андролог дәрігері Дулат Бекқалиев жасады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.