Былтыр Қазақстанда 390 мың сәби дүниеге келді
Былтыр босандыру қызметінің мамандары 388 мың босануды сәтті қабылдады, 390 мың сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен жылы 400 мыңға жуық әйел жүктілігі бойынша медицина қызметкерлерінің бақылауында болды. Бұл жағдайда дәрігерлер ауыр акушерлік және соматикалық асқынуларға байланысты өте ауыр жағдайдағы 1000-нан астам жүкті әйелді құтқарып қалды.
Өткен жылы босандыру бойынша диагностика мен емдеудің 18 басым клиникалық хаттамасы бекітілді; босандыру қызметінің 2000-нан астам дәрігері және 3000 ОМҚ, 64 дәрігер Ыстамбұлда, 50 дәрігер Санкт-Петербургте оқытылды.