Дәрігерлер әйелдің өтінен жұмыртқаның үлкендігіндей тас алды

2 621

Фото: ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы58 жастағы әйелге ота жасалып, оның өт қабынан тауық жұмыртқасындай болатын тас алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Петропавлдағы көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына сырқат қатты ауырып келген. Айтуынша, бұл симптомдар майлы және қуырылған тағамдар жегеннен кейін пайда болып, бір тәулік бойы басылмаған. Дәрігерлер тексеру барысында оның өтінде тастардың барлығын анықтады. Тастардың бірінің үлкендігі тауық жұмыртқасындай болған.

Дәрігерлер шұғыл операция жасау туралы шешім қабылдады. Ота бір жарым сағатқа созылып, сәтті аяқталды. Өт қабынан бірнеше тас алынып, дерттің асқыну қаупі жойылды. Қазір науқас үйінде, тәуір болып келеді.

Дәрігерлердің айтуынша, өттегі тасты алуды кейінге қалдырмау маңызды. Бұл дерт көпке дейін белгі бермеуі мүмкін, бірақ кез-келген уақытта: жедел холециститке, яғни өт қабының қабынуына, өт жолдарының бітелуіне, сары ауруға, холангит, панкреатитке немесе адам өміріне қауіпті өт қабының перфорациясына әкеледі.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.