Соңғы 5 жылда кәсіпорындарда 200-ге жуық адам жарақат алды
Шығыс Қазақстан облысында соңғы 5 жылда тау-кен металлургия кәсіпорындарында 199 адам жарақат алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 2023 жылы тау-кен металлургия өнеркәсібінде апаттар мен жарақат алған жұмысшылар санын азайту мақсатында арнайы жобаны іске қосты. Себебі соңғы 5 жылда кәсіпорындарда 199 адам жарақат алғандықтан бұл өзекті мәселеге айналып отыр.
Осының нәтижесінде, 2023 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 40,5%-ға азайды. Осы жылдың басынан бері тау-кен металлургия кәсіпорындарында өндірістік жарақат алу фактілері тіркелмеген.