МӘМС: Халықтың қанағаттану деңгейі 47%-ға дейін төмендеді

2 233

Фото: МӘМСМәжіліс спикерінің орынбасары Дания Еспаева Мәжілістегі Үкімет сағатында медициналық қызмет көрсетудің тарифтері мен сапасының төмендігі туралы айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ол атап өткендей, денсаулық сақтауға шығыстардың айтарлықтай ұлғайғанына қарамастан, азаматтардың медициналық қызметтердің көрсетілуіне қанағаттану деңгейі төмендеп барады.


Мәселен, соңғы 3 жылдың өзінде денсаулық сақтауға шығыстар 2,8 есе артты, ал халықтың қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі 47 пайызға дейін төмендеген. Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру нәтижелерінің бірі саналатын диагностикалық қызметтердің тұрақты өсіп жатқаны туралы үнемі есеп береді. Олардың деректері бойынша консультациялық – диагностикалық қызметтер саны, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография қызметтерінің саны 7 есе өскен, - дейді Еспаева.

Алайда депутаттың айтуынша, диагностикалық қызметтердің өсуі ауруды ерте анықтауға ешқандай әсер етпеген.

Тіпті, кейбір жағдайларда бұл қызметтер қажеттіліктің жоқтығына қарамастан тағайындалған. Аталған саланы қаржыландыру көлемі ұлғайса да шешімін таппаған жүйелі проблемалар әлі бар, - деді Дания Еспаева Үкімет сағатында.

Олар:


- халықтың осы жүйеге, оның тиімділігіне деген сенімін жоғалтуға соқтыратын, тұрғындардың міндетті әлеуметтік сақтандыруға деген қызығушылығының төмендігі;


- қаржыны басқарудағы кемшіліктерге, қосып жазуға, бұрмалаушылықтарға әкелетін саланы цифрландыру деңгейінің әлсіздігі;


- көрсетілетін медициналық қызметтерге ақы төлеу кезінде әкімшілік қиындықтарға әкелетін екі қаржыландыру пакетін бөлудің анық болмауы;


- медициналық қызметтерді тұтынудың артуына, инфляцияның өсуіне және медициналық қызметтерге төмен тарифтерге байланысты саланың жеткіліксіз қаржыландыруы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.