Денсаулық сақтау министрлігі Ербаян Мұхтардың өлімінің себебін айтты

2 508

Фото: ©Әлеуметтік желіденДСМ Ұлттық ұланның бұрынғы әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, мәлімдеме жасаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, дәрігерлер үш жылға жуық уақыт бойы науқастың өмірін сақтап қалу үшін үздіксіз күрес жүргізген. Алайда алған аса ауыр бас-ми жарақаттарының салдарынан оның өмірін сақтау мүмкін болмаған.

«Респираторлық қолдауды қоса алғанда, қарқынды терапия жүргізілгеніне қарамастан, науқастың жағдайы біртіндеп нашарлаған. Қандағы оттегі деңгейінің төмендеуі, жүрек ырғағының бұзылуы және гемодинамиканың тұрақсыздығы тіркелген. Медицина мамандары тарапынан барлық қажетті реанимациялық және емдік шаралар толық көлемде жүргізілді. Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен шешімімен науқас Түркия Республикасына ем алуға жіберіліп, онда бастапқы диагноз расталды»,- делінген министрлік хабарламасында.

Сарбаздың өлімі 2026 жылғы 23 - ші маусымда сағат 21:40-та тіркелген. Өлімнің тікелей себебі ауыр бас-ми жарақатының салдары мен оған қосылған асқынулар аясында дамыған көп ағзалық жеткіліксіздік синдромы болған. Ербаян Мұхтар 2023 жылдың желтоқсанында кома жағдайында ауруханаға түскен. Ұлттық ұланның әскери бөліміндегілер оның дәретханада құлап жарақат алғанын мәлімдеген. Алайда сарбаздың ата-анасы ұлдарының соққыға жығылғанын айтып, оның өмірі үшін күрескен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.