Бала туу көрсеткіші 11 жыл бұрынғы деңгейге түсті

2 162

Фото: pixabay.com2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда бала туу көрсеткіші рекордтық деңгейде төмен болды. Бұл – соңғы 11 жылдағы антирекорд, - деп хабарлайды "Opennews.kz" Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.

Бірінші кредиттік бюроның Telegram-дағы Data Hub арнасында Ұлттық статистика бюросының 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы дерегіне талдау жарияланды.


"Қаңтар-наурыз аралығында тірі туған 77,3 мың нәресте тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда шамамен 16 пайызға аз және кем дегенде 2014 жылдың бірінші тоқсанынан бергі ең төменгі көрсеткіш", - деп келтіреді арна авторлары.


Тірі туғандар санының динамикасынан маусымға байланысты өзгешеліктерді байқауға болады. Жылдың ең жоғары мәні әдетте үшінші тоқсанның соңында тіркеледі, ал маусымдық өсім әсіресе пандемияға дөп келген 2020 және 2021 жылдарда байқалады. Ең төменгі мәндер жылдың алғашқы үш айына тән.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.