Қазақстанда карантин жеңілдейді
373
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақтануына байланысты карантин жеңілдейді, - деп хабарлайды Opennews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін, соңғы 2 аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60 пайызға төмендегенін айтты.
Осыған байланысты ВАК бірқатар шешімдер қабылдады:
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін, соңғы 2 аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60 пайызға төмендегенін айтты.
Осыған байланысты ВАК бірқатар шешімдер қабылдады:
- 27 қыркүйектен бастап Ashyq бойынша "қауіпсіз" мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етілсін ( қызметіне қатысты карантиндік талаптар жеңілдетілген нысандар тізімі кестеде көрсетілген).
- 16 елмен әуе қатынасын жаңарту және ұлғайту (Ресей Федерациясы, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Германия, Мальдивы, Корея, Польша, Венгрия, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Сауд Арабиясы, Кувейт, Әзірбайжан).
- Қолайлы эпидемиологиялық ахуалы және халықты вакцинациялаудың жоғары деңгейі бар 30 шет мемлекетпен Қазақстан Республикасына кіру үшін визасыз режимді қайта бастау (Италия, Нидерланды, Франция, Германия, Испания, Жапония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Польша Дания, Чили, Венгрия, Корея, Чехия, Бахрейн, Катар, Монако, Кипр, Исландия, Финляндия, Мальта, Швеция, Португалия, Лихтенштейн, Словакия, Люксембург, Канада, Сингапур, Бельгия).