АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға тегін сыра берілмек

357

Фото: pixabay.comАҚШ-тың Нью-Джерси штатында коронавирусқа қарсы екпе алған ересек тұрғындарға тегін сыра беріледі.

Бұл туралы штаттың губернаторы Фил Мерфи мәлімдеген. Оның сөзінше, мамыр айында екпе салдырған әрбір ересек адамға бір бокал сырадан беріледі.

 "Біз вакцина салдыруға құқығы бар Нью-Джерсидің 21 жастан асқан тұрғындарын ынталандыру үшін "екпе және сыра" бағдарламасын іске қосамыз", - дейді Мерфи. 

Азаматтар екпе салдырғаннан кейін вакцинация сертификатын акцияға қатысып жатқан сыраханалардың біріне көрсетіп, уәде етілген сыраны ала алады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.